$ 501.49  525.71  5.77

Өскеменде жас босанған келіншек сәбиін қоқысқа тастап кеткен

Аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Фото: газета.ру
Фото: газета.ру

Өскеменде 44 жастағы келіншек жалдамалы пәтерде босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram-паблика f16_kaz паблигінің мәліметінше келіншек ешкімнің көмегінсіз, өзі босанған. Оның сөзінше бала туғанда тірі балаға ұқсамаған, сондықтан денесін қоқысқа шығарған.

Келіншек жүктілік бойынша есепте тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Шақалақтың мәйітін куәгерлер қоқыс жәшігінен жексенбі күні тапқан.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел-іздестіру шараларының барысында баланың анасы анықталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары