$ 499.11  521.12  5.58

Атырауда ғимараттан мәйіт табылды

Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Atyrauoil Telegram-арнасына сілтеме жасап.

1 наурыз кешкі уақытта Сырым Датов көшесіндегі қараусыз ғимараттардың бірінен үй-күйсіз адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келген. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, — делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам суықтан үсіп көз жұмған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары