$ 499.11  521.12  5.58

«Анам қазақтардың арқасында 107 жасқа дейін өмір сүрді»: Шешен азаматы қазақ халқына алғыс айтты (ВИДЕО)

Қазақтар қолындағы жалғыз бауырсақты бөліп береді.
 

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Алғыс айту күніне орай аталары кезінде жер аударылып келіп, бүгінде тұтас ауданның Құрметті азаматы болып отырған шешен ұлтының өкілі Зелімхан Зубариев қазақ халқына алғыс айтып, ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кезінде жер аудару кезінде әке-шешемді вагондармен тиеп, қазақ жеріне әкеліпті. Анам қазақтардың арқасында 107 жасқа дейін өмір сүрді. 13 баласын дүниеге әкелді. Бір бауырсақты бөліп берген қазақ халқына әрдайым риза болып жүретін. Қазақтар әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратын, сондай мейірімді халық, оны әрдайым айтып отырамыз», - деді шешен ұлтының өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары