$ 499.11  521.12  5.58

«Өзіңе күлкілі емес пе?»: Шымкентте жемқорлық жоқ деген Берденов елден сөз естіді (ВИДЕО)

Әкім орынбасарының мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. 

Фото: t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz

Жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған экс-депутат Руслан Берденов қалада сыбайлас жемқорлық жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әкім орынбасарының мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. 

"Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ", — деді Берденов журналистермен әңгімелесу кезінде.

Экс-депутаттың мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушылары Берденовтың сөздеріне күмәнмен қарап, тіпті әзілге айналдырып пікір білдірді. 

“Мынау не айтып тұр?”, “Өзіне әлі ешкім ұсынбаған шығар”, “Өзіңе күлкілі емес пе?”, “300 жылдық тарихы бар Франция, 200 жылдық Америка әлі жемқорлықты толық жеңе алған жоқ, бұлар қалай мұндай мәлімдемелер жасай алады”, – делінген пікірлерде.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 9
Күлкілі 11
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары