$ 499.74  525.23  5.6

Алматыда 19,5 млн теңге пара алған әкімдік қызметкері 6 жылға сотталды

Сотталған азаматтың 21 миллион теңгеден асатын екі автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік кіріс ретінде алынады.

Фото: Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы
Фото: Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы

Алматы Медеу соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажинді 19,5 миллион теңге пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Ол жергілікті кәсіпкерден 19,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, оны аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен иемденгені үшін кінәлі деп танылды", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламада.

Сот Қажинді алты жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

"Сотталған азаматтың 21 миллион теңгеден асатын екі автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік кіріс ретінде алынады", – деп мәлімдеді агенттік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары