$ 499.74  525.23  5.6

Ақтау әкімдігі бір данасы 4,6 миллион теңгенің қоқыс жәшігін сатып алмақшы

Сатып алудың жалпы сомасы қосылған құн салығынсыз 891,4 миллион теңге тұрады.

 

 

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Мемлекеттік сатып алу сайтында Ақтау қаласына жерасты қоқыс жәшіктерін сатып алуға арналған лот жарияланған. Онда 192 контейнердің әрқайсысын 4 642 857 теңгеге сатып алу көзделген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құжатта қоқыс жәшіктерінің 3 данадан жер астында тұратын еуроконтейнерлер екені жазылған. Сыйымдылығы 1,1 текше метр (1100 литр). Материалы тот баспайтын болаттан жасалған. 891,4 миллион теңге материалдар сатып алуға және еуроконтейнерлері бар 192 дана жерасты жүйесін орнатуға арналған шығындарға жұмсалмақ. Әрбір жүйеге 3 дана, жалпы саны 576 дана кіреді. 

Ақтау қалалық әкімдігінінің мәліметінше, бүгінгі таңда қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару өзекті мәселеге айналған. Аймақтың желді климатын ескерсек, тұрмыстық қатты қалдықтар уақытылы шығарылмаса, желмен ұшып, қаланың көркіне нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан былтыр 10 жерасты қоқыс жәшігі (әрқайсысында 3 жәшіктен) орнатылып, тиімділігін көрсеткен. 

— Сондықтан санитарлық тазалықты қамтамасыз етіп, қаланың көркін бұзбау үшін биыл 192 жерасты қоқыс жәшігін (әрқайсысы 1,1 текше метр болатын 3 еуроконтейнермен) орнату туралы шешім қабылданды. Бұл жұмыстарға 891 миллион теңге бөлінді (бір жерасты контейнерінің сомасы — 4,6 млн.теңге). Бұл контейнерлердің артықшылығы-тозуға төзімді, жер асты урнасының қаңқасы коррозияға қарсы өңделетін металдың қатты қабатымен жасалған, көтергіш платформаның жоғарғы жағы қалыңдығы 1,5 мм тозуға төзімді алюминий парағынан жасалған. Көрсетілген құнға материалдарды сатып алу және жерасты жүйесін орнатуға арналған шығындар кіреді. Орнату орындары мердігер ұйым анықтағаннан кейін белгілі болады, — делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары