$ 494.84  537.4  5.58

Салауат, зікір айтатын, бірақ намаз оқымайтын Қазақстан қалыптасты – Айнұр Әбдірәсілқызы (ВИДЕО)

Дінтанушы Айнұр Әбдірәсылқызы алдымен парыз бен сүннетті ажыратып, түсініп алуға шақырды.

Елде Яссауи десе – сопылық, сопылық десе – зікірге барып тіреледі. Яссауиді Зікір үшін қабылдамай жүргендер бар. Qasqa Jol YouTube арнасының кезекті шығарылымыда қонақта болған кіәсіби коуч, халықаралық дәрежедегі парапсихолог, дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы осы түсініктің ара-жігін ажыратып, бұл ұғымдарға түсініктеме берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы алдымен парыз бен сүннетті ажыратып, түсініп алуға шақырды.

«Халықта бір жаманы оңай нәрсеге әуестеніп кету бар. Салауат, зікір, истихфар айтатын бірақ намаз оқымайтын Қазақстан қалыптасты. Оған шала сауатты коучтардың, діндарлардың да әсері тиіп кетті. Ал шын мәнінде парыз дегенді, сүннет дегенді ажыратып алу керек. Бес парыздың бірі намаз – ешқандай себеп-сылтауды қабылдамайды. Ақыретке дейін көзің тірі болса, кеудеңде жаның болса жасауға тиісті нәрсе болып саналады. Басқа төрт парыздың бәрінде де үзірлер, жасамауға мүмкін жағдайлар бар. Адам алдымен парыз болған дүниені жасау керек. Одан соң қосымша қанша жасасаң өз еркіңде. Сондықтан да Яссауи «Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым, тариғатсыз мағрифатқа жете алмадым» дейді, - деп түсіндірді парапсихолог.

Оның айтуынша, Яссауи тек Зікірден ғана тұрмайды. Алдымен Яссауидің рухани-моральдық ілімін түсініп алу керек.

«Яссауи адамзат тарихындағы өте ерек әулие болған. Мен мыңдаған әулиенің тарихын зерттегендіктен, мыңдаған әулиемен сырлас болғандықтан айтамын. Пайғамбарымыз 12 рет түсіме кіріп, айқын аянын берген, қолдан жетелеп көп нәрсені көрсетті. Қолдан келгенше бәрін орындадық әлі де сол руханияттан байланысымызды үзген жоқпыз. Талай әулиемен сұхбаттас болған жан ретінде айтамын – Яссауи өте ерек әулие. Талғампаз текті әулие. Кірпияз. Көп адамның түсіне кірмейді, қайта Яссауимен салыстырғанда Пайғамбарымыз көбірек түске енеді. Пайғамбарды түсінде көрген адамдар аз емес қой өмірде. Яссауи нағыз ақын. Бірінші кезеңде ол нағыз ақын. Пенделік күйініш-cүйініштің барлығын көріп, адамдардың руханиятқа жасап жатқан қиянатына шын күйінген, мына жалғаннан қалай аманат жанды аман, кіршіксіз, кірлетпей алып қалудың жолдарын іздеген өте сезімтал, әсершіл ақын», - дейді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары