Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат.
Қазақтың тұңғыш бард ақыны, марқұм Табылды Досымов мінген "Волга" көлігі реставрациядан өткізіледі. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Биыл қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген "Волга" автокөлігі реставрациядан өтетін болады.
Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге жүзеге асырудамыз.
Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз", - деп жазды Дарын Шамұратов Facebook парақшасында.
Табылды Досымов — Атырау облысы Индер ауданының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген.