12.03.2025, 13:10

Шығыста жұмыс уақыты бір сағатқа ерте аяқталады

Фото: Pixabay

Өңірлердің басым бөлігі уақыт белдеуінің айтарлықтай кері әсерін байқамаған.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілісте уақыт белдеуіне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өңірлердің басым бөлігі уақыт белдеуінің айтарлықтай кері әсерін байқамаған.

Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасына айтарлықтай өзгеріс болмады, – деді Көшербаев.

Дегенмен, кейбір өңірлерде, әсіресе шығыста, бейімделу процесі әлі жалғасып жатыр. Осыған байланысты, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, 17:30-да аяқталатын болды.

Бұл өзгеріс адамдарға жеке басына, отбасына және балаларына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Үкімет өкілі.