Осындай ғұламаларымыз емізулі баласы бар үйге ешқашан қонаққа бармаған.
Айгүл Әбдірәсіл есімді Tik Tok қолданушысы Қаныш Сәтпаевтың емізулі баласы бар үйден не себепті ас ішпегенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
”Қазақтың ғалымы Қаныш Иманбайұлы емізулі баласы бар үйге ешқашан қонаққа бармаңдар деп айтқан екен. Бірде ол кісі бір ауылға іссапармен барады. Сол ауылдың ақсақалы үйіне қонаққа шақырады. Астың үстінде баланың жылаған дауысы естіле береді. Үй иесі баланы Қаныш Сәтпаевқа әкеліп, бата беруін өтінеді. Ол кісі батасын береді. Ас жиналып, үйден шыққаннан кейін ол кісі қасындағы адамдарға неге сендер емізулі баласы бар үйге тамаққа келдіңдер, бұл үйде кішкентай бала бар деп неге маған айтпадыңдар дейді. Жанындағылар неге десе, ондай үйге қонаққа баруға болмайды. Емізулі баласы бар ана бізді күтпеу керек, баласына қарау керек дейді. Осындай ғұламаларымыз емізулі баласы бар үйге ешқашан қонаққа бармаған, ас ішпеген. Сіздерге де айтарым, кішкентай баласы бар үйге қонақ болып баруды доғарыңыздар”, — дейді видео авторы.
Қаныш Сәтпаевтың көрегенділігіне риза болған желі қолданушылары бұндай ереженің қазір де ауадай керек екенін жазуда.
”Өте дұрыс, мен босанып келгенде ет асып, он адам күткен едім. Келесі күні жүре алмай ауырдым”, “Осыны неге қазір көп адам түсінбейді, аш адамдар ұқсап жетіп келеді”, “Ертеректе адамның адамға жаны ашыған, қазір бір бірін тек сынайды”, “Осындай мәдениетті сериалдар, дәрігерлер, медиа тұлғалар арқылы насихаттау керек”, — деп жазды олар.