14.03.2025, 16:00

Педагогтерді аттестаттау процесіне қатысты тың ақпар шықты

Фото: Pixabay

Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді. 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта платформада "педагог-модератор" және "педагог-эксперт" біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп жоспарланып отыр.