Халық зообаққа маймылдарды көруге бармай ма бұл екеуі де сол хайуанаттар бағындағы адам сияқты болып қалған. Ауруын да, жақсы жағын да, жаман жағын да көрсетіп жатыр.
17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап, талып қалған. Осы тұста қыздарды бұған дейін көрген TikTok қолданушысы болып жатқан жайттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аида Шоқыбас есімді желі қолданушысы қыздардың құлағын тескенін және олардың жағдайы жақсы болғанын, екеуіне тек тыныштық керек екенін айтты.
"Осы қыздардың соңғы видеоларын көріп, жүрегім қатты ауырып жүр. Екеуі Таразға келген кезде құлақтарын мен тесіп беріп едім. Әп-әдемі болып толып, салмақ қосып, шаштарын өсіріп Алматыда жүрген кезде жақсы болып қалып еді. Енді қазір не үшін мынадай күйге түсіп қалды екен? Екінші қыздың сіреспесі ұстап қалыпты, мен көргенде жөргек кимейтін оны да кигізіп қойыпты. Бұл екі қызға неге тыныштық бермейді? Анда-мында апарып видеоаға түсірмей, медициналық көмек көрсетпей ме? Халық зообаққа маймылдарды көруге бармай ма бұл екеуі де сол хайуанаттар бағындағы адам сияқты болып қалған. Ауруын да, жақсы жағын да, жаман жағын да көрсетіп жатыр. Бұл екі қыздың әбден ығырын шығарды, доғару керек. Үйін беріп, тыныштық беріп, емдеу керек. Жандарыңыз ашыса, жан-жаққа сүйрей бермей емімен айналысыңыздар. Оны видеоға түсіріп, дүйім жұртқа көрсетудің қажеті жоқ. Оның талып жатқанын желіге салып, елдің жүрегін ауыртпаңыздар. Тек барлығы жақсарғанда ғана салыңыздар", - деді желі қолданушысы.
Аида Шоқыбастың бұл ойын қолдап, пікір білдіріп жатқандардың қарасы көп.
"Кино болып кетті ғой осылар. Бәрін бүлдірген Руслан. Обалы соған", "Қарап отырған апайынан қатты қорқып, сіреспе пайда болған сияқты", "Бұрын аурулары болмаған еді. Жаман үйде сап-сау тұрды, енді ауруы қайдан шықты", "Қарап отырған әйелге тек ақшасы керек", "Артық айтсам кешіріңдер. Бірақ қолында ұстап отырған әйел бәрін құртып отырған сияқты", "Талатын болса, студияда сағаттап отырғанда талатын еді ғой", - деп жазды олар.