$ 516.91  586.33  6.3

Ақтөбеде 70-ке таяған күдікті ер адамды балаларының көзінше пышақтап кетті

Ол уақытта 5 жастағы үлкен ұлы інісін ойнатып жүрген.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Аталған оқиға туралы Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға кеше сағат 15:00 жобасында болған. Қаланың негізгі даңғылдарының бірінде оның балаларына егде жастағы ер адам тиіседі. Ол уақытта 5 жастағы үлкен ұлы інісін ойнатып жүрген. Әкесі жұмыстарымен шамалы уақытқа кетіп қалған екен. Сол кезде бейтаныс адам балаларды сыпырғышпен ұрған, кенжесін жанына алып, үлкенін оған жолатпаған. Тосын жайтқа тап болған әкесі бейтаныс адамды сабырға шақырады. Дегенмен, олар келісе алмай, 69 жастағы күдікті ер адамға балаларының көзінше пышақ сұққан. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

– Полиция пышақтау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және бөлімге жеткізді. Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған жәбірленуші Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының хирургия бөліміне жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі кезде науқастың жағдайы – орташа ауыр. Науқас есін біледі және ем қабылдауда. Әзірге оқиғаға не әсер еткені айтылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары