$ 521.9  593.5  6.39

Жетісу облысында жасөспірім 85 жастағы қарияны соққыға жыққан (ВИДЕО)

Дәрігерлер оның омыртқасынан жарақат алғанын анықтады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Жетісу облысы, Өтенай ауылында 15 жастағы мектеп оқушысы 85 жастағы зейнеткерді ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жасөспірім 8-сынып оқушысы қызға тиісіп жатқанда, оны алыстан көріп қалған қария араша түспек болған. Алайда бозбала ашуға мініп, қартты соққыға жығыпты.

Зардап шеккен қария (1939 ж.т.) Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның омыртқасынан жарақат алғанын анықтады.

Облыстық полиция мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жасөспірім заңды өкілінің кепілдігімен босатылып, профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар, баланың ата-анасы да жауапқа тартылды.

«Ювеналды полиция мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр», – деді полиция өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары