Депутат атағандай, тіпті оны жазып алған бейнекамералар да жоқ.
Мәжіліс депутат Елнұр Бейсенбаев Magnum желісі, курьер, және тұтынушы арасындағы дауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.
«Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттедім. Бұл Еңбек кодексінің аясында реттелетін дүние. Ол жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Бұл саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр дейтіндей әңгіме емес. Жеке бастың мәселесі. Сіздің қолыңызда да, менің қолымда да екеуінің арасында жазылған дау жоқ», – дейді депутат.
Депутат атағандай, тіпті оны жазып алған бейнекамералар да жоқ. Оның сөзінше, қандай әңгіме айтылғанын біз білмейтіндіктен, қоғам да мен сауда желісі де манипулияға алданып отырған сияқты.
«Бұл – еліміздегі кәсіпкерлік саласы. Ол қаншама жасқа жұмыс беріп отыр. Оған қоса, бұл екі қазақ баласының арасында конфликт. Одан дау тудырып, қаншама адамды жұмыссыз қалдыру қажет емес дүние деп есептеймін», – дейді Бейсенбаев Мәжіліс кулуарында.