$ 494.87  520.65  4.91

Халықаралық бағыттардағы теміржол билеттеріне жеңілдіктер жалғасуда

2014 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған халықаралық және жүрдек пойыздарда жеңілдіктер жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі  таратқан мәліметтерге сәйкес, халықаралық бағыттарда жол жүру құжаттарын алдын ала сатып алғанда:

СВ және купе санатты вагондарда:

-      Пойыздың аттанары алдында 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін 30 пайыз;

-      Пойыздың аттанары алдында 30 тәуліктен 16 тәулікке дейін 15 пайыз;

Плацкарт санатты вагондарда:

-      Пойыздың аттанары алдында 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін 20 пайыз;

-      Пойыздың аттанары алдында 30 тәуліктен 16 тәулікке дейін 10 пайыз;

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздарда:

№49/50 «Алматы-Ақтөбе»:

-      «Гранд» (СВ) санатты вагондарда – 25 пайыз;

-      «Бизнес» (купе) санатты вагондарда – 15 пайыз.

Жеңілдіктер апта күндеріне тәуелді емес.

№19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау»:

-      «Гранд» (СВ) санатты вагондарда – 10 пайыз;

Жеңілдіктер апта күндеріне тәуелді емес.

Сонымен қатар, №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №19/20 «Атырау-Астана», №87/88 «Ақтөбе-Астана» және №77/78 «Алматы-Атырау» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» санатты вагондарының құны демалыс күндері мереке алды және мерекелік күндерден бөлек, жұмыс күндері тарифіне деңгейлестірілді.

Жеңілдігі бар билеттерді www.railways.kz сайтынан интернет арқылы, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, жол жүру құжаттарын сату кассаларының көмегімен сатып алуға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары