$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай қаласының орталығынан жарылғыш мина табылды

Сағат күндізгі 12:30 шамасында «БК-СТРОЙ» ЖШС күзет қызметі басшысынан Майлин-3 мекенжайы бойынша жарылғыш зат табылғаны жөнінде шақыру келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дәлірек айтқанда, жарылғышты құрылыс алаңындағы жұмысшылардың бірі тауып алған. Аталған мекенжай бойынша «Арлан» арнайы жасағының өкілдері жетіп, шынымен де сыртқы келбеті минометті снарядқа ұқсас затты көреді. Толық тексеру жүргізгеннен кейін «Арлан» жасағының мамандары әлгі жарылғыштың оқу-жаттығуға арналғандығын анықтады. Артынша полиция қызметкерлері арқылы қоршау қойылды. Ал, сағат 13.07-де «Арлан» жасағының мамандары құрылыс алаңын минадан залалсыздандырды.Сонымен бірге, қауіпсіздікке көз жеткізу үшін саперлер мина табылған жердің төңірегін тағы бір шолып шықты.

Қазіргі уақыттаәлгі минаның қалай пайда болғаны анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары