$ 521.9  593.5  6.39

30 жастағы азаматтар болашақта қандай зейнетақы алады

Бүгінде азаматтар табысының 10 пайызын өз болашағы үшін жинайды.

Фото: БЖЗҚ
Фото: БЖЗҚ

Қазақстандық 30 жастағы азаматтар 30 жылдан кейін қандай зейнетақы алуы мүмкін? Сарапшылардың айтуынша, болашақта кім қанша зейнетақы алатыны ең алдымен азаматтардың өзіне, яғни олардың зейнетақы қорына қаншалықты тұрақты және көп мөлшерде жарна аударатынына байланысты болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, 1998 жылдан кейін еңбекке араласқандардың барлығы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады және болашақ зейнетақысы олардың өз жинағына тікелей байланысты болады.

«Бүгінде азаматтар табысының 10 пайызын өз болашағы үшін жинайды. Бұл – халықаралық тәжірибеде де қолданыстағы тәсіл», – дейді Тұрсынханов.

Мамандардың айтуынша, халықаралық стандарт бойынша зейнетақы азаматтың соңғы жалақысының кем дегенде 40%-ын құрауы керек – бұл «ауыстыру коэффициенті» деп аталады. Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының нақты табыстылығын арттыру үшін жыл сайынғы табыстылықты 2%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін банк инвестициялық саясатты әртараптандыруды жоспарлауда.

Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шариповтың айтуынша, қазіргі және болашақ зейнеткерлер ең алдымен өз жинақтарына арқа сүйеуі тиіс. Өйткені 1998 жылдан кейін Қазақстан толықтай жинақтаушы жүйеге көшкен.

«Мысалы, егер азамат 5 миллион теңге жинаса, ай сайынғы зейнетақы төлемі шамамен 32 мың теңге болады. Ал 50 миллион теңге жинаса, зейнетақысы 350 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін», – деп түсіндірді Шарипов.

Зейнетақы сомасы мынадай формуламен есептеледі:

Жинақ сомасы × 6,5% – бұл қазіргі есептік ставка. Ал төлемдер жыл сайын шамамен 5% инфляцияға байланысты индекстеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары