$ 521.9  593.5  6.39

ШҚО әкімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай мен Қасым Қайсеновке арналған муралды ашты (ФОТО)

Сондай-ақ, Украинка ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай ашу көзделуде.

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады. Бұл мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады. Шараға өңір басшысы Нұрымбет сақтағанов та қатысып, нысанды ашып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мерейтой қарсаңында Батырлар аллеясы мен ескерткіш стелланы қайта жөндеу, тас төсеніштерді ауыстыру, гүлзарлар мен қоршаулар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Украинка ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай ашу көзделуде.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл мұражай мәдени мұрамызды толықтыратын маңызды нысан болып, өткеннің ерлікке толы оқиғаларын есте сақтауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Ұлан ауданына барған жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 1999 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 26 жыл бойы қолданылып келе жатқан №10 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының қайта жөндеуді қажет ететінін атап өтті.

Осы уақыт аралығында ғимараттың кейбір құрылымдық және пайдалану сипаттамалары өзектілігін жоғалтқан, қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, сондықтан қажетті жаңартуларды жүргізу қажет.

Айта кету керек, ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Облыс әкімінің айтуынша, өрт сөндіруші қызметкерлердің жұмыс және тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ғимаратты қайта жөндеу және екінші қабаттың пайдаланылуын ескере отырып күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жеке құрам үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары