$ 521.53  601.01  6.43

«Анасына тартқан»: Желіде 5-6 жасар қызына қорқор шеккізген әйел жұртты шошытты (ВИДЕО)

Есі дұрыс па өзі?

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Әлеуметтік желіде 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінге қорқор шеккізген әйелдің видеосы тарады. Бейнежазбаны egovpress.taraz инстаграм аккаунты таратты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан әйел адамның 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінге қорқор беріп, оның шеккен сәтін бақылап отырғанын көруге болады. Видео сипаттамасында «анасына тартқан» деген жазу жазылған.

Аталған жағдайға байланысты желі қолданушылары теріс пікір білдіріп жатыр. Олар бұл әрекетті айыптап, құқық қорғау органдарының араласуын талап етуде.

Пікірлер арасында «сотқа беру керек», «ата-ана құқығынан айыру қажет», «есі дұрыс па өзі?» деген сын айтылған.

Қазіргі уақытта бейнежазба қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары