$ 517.16  588.48  6.23

Жамбылда полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты

Ішкі істер министрі оның отбасына қажетті қолдауды көрсететінін мәлім еткен.

Фото: instagram.com/sadenov_online
Фото: instagram.com/sadenov_online

23 сәуірде Жамбыл облысында екі полиция қызметкері жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 44 жастағы полиция қызметкері қаза тауып, екінші қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен облыстық полиция департаменті өкілдері қаза болған офицердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады", - делінген министрдің Instagram желісіндегі жазбасында.

Ішкі істер министрі оның отбасына қажетті қолдауды көрсететінін мәлім еткен.

Ол экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары