$ 515.03  584.82  6.24

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып, мерт қылды (ВИДЕО)

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанада Әл-Фараби көшесіндегі үй ауласында жүк көлігі 6 жастағы баланы басып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат “Астана - Что? Где? Когда?" Telegram арнасында тарады. 

“Жүк көлігі тағы да баланы басып кетті. Көлік баланы үйлердің арасындағы жолды басып өлтірген”, – деп жазды автор.

Қалалық полиция депратаменті болған жағдайды растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. 

“Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Әл-Фараби көшесі бойындағы аула аумағында қауіпсіздікке көз жеткізбей, 6 жастағы велосипед теуіп жүрген баланы қағып кетті. Бала бірден ауруханаға жеткізілді”, – деді полиция департаментіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары