Оқиға «Тұран-1» мөлтек ауданында болды.
Кешкісін далаға ойнауға шыққан бірінші сынып оқушысы Айдын Сәуірбай үйіне қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстары барысында жеткіншектің денесі іші суға тола шұңқырдан табылған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған аумаққа екі мердігер ұйым жауапты болған. Олар шұңқыр қазған, бірақ оны қоршамай, қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Компаниялардың басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді деген күдікпен ұсталды.
— Оқиға орнында ешқандай қоршау немесе ескерту белгілері орнатылмаған. Компания басшылары қамауға алынды, — делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын аталған оқиғаға байланысты аудан әкімі қызметінен босатылған болатын.