$ 518.53  588.17  6.39

«Отқа май құю шариғатқа қарсы»: Ардақ Назаров тағы елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

"Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын".

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров “отқа май құю” шариғатқа қарсы деп мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

“Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын. Ал егер шариғатқа сәйкес емес, әр түрлі зиян келтіретін ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса мен оны қолдамаймын. Мәселен, отқа май құю дейміз. Тағы қайсын айтсақ болады? Көп қой енді ырымдар… Біздегі ырым-тыйымдардың көбісі хадистермен байланысты екен. Яғни біздің Ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар өте көп екен. Соңғы кезде соны оқып таңғалдым. Мысалы, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу сияқты ырым-тыйымдар түп негізі хадиске негізделген екен”,- деді Ардақ Назаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 62
Күлкілі 12
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары