$ 518.53  588.17  6.39

Ақтауда ер адам көшеде тыржалаңаш қыдырып жүрген (ВИДЕО)

Соған қарамастан ер адам киімдерін дәмхананың жазғы террасасына лақтырып үлгерген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтауда дәмхананың алдында жалаңаш жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл оқиғаға өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 

11А ықшам ауданында орналасқан «Шик» дәмханасының алдында жалаңаш ер адам қыдырып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, оны күзетші дәмханаға кіргізбеген.

Соған қарамастан ер адам киімдерін дәмхананың жазғы террасасына лақтырып үлгерген. Шағын әңгімеден кейін видео кейіпкері киіне бастайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның психикалық денсаулығында проблема бар.

«Азамат психикалық денсаулығына байланысты дәрігерлердің есебінде тұр. Ол ата-анасына тапсырылды», — деп түсіндірді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео #Ақтау