$ 509.51  570.6  6.3

Ақтауда екі жасөспірімді көлік таптап өткен (ВИДЕО)

Екеуінің де жағдайы ауыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала жансақтау бөліміне түсті. Оқиға 14 мамырда қаладағы Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағынаудандары арасындағы жолда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы болған сәт видеоға түсіп қалған. Желіде жарияланған видеодан жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған үш баланы көруге болады. Алайда бір бала жол жиегіне тоқтап, сәл күтіп тұрады, ал екеуі жолды кесіп өтпек болған. Балаларды бірінші жолақпен келе жатқан көліктің жүргізушісі тоқтап өткізген сәтте келесі жолақпен келе жатқан көлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, балаларды қағып кеткен.

«Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Полиция департаменті басшысылығының бақылауында», — делінген полиция хабарламасында.

Оқиғада зардап шеккен балалардың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқарамысының өкілдері айтып берді.

«Жол апатынан зардап шеккен 2013, 2014 жылы туған балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр.

Бір науқасқа ота жасалды, операциядан кейінгі жағдайы өте ауыр, ес-түссіз жатыр (комада), өздігінен демалмайды, жасанды желдету құрылғысына қосылған.

Екінші бала өздігінен демалады, мидың шайқалуы, соғылуы диагнозы бар. Операция қажет емес, консервативті емін жалғастырып жатыр», — делінген басқарма берген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары