16.05.2025, 16:40

«Жылқы еті мен қымызды жақсы көремін»: Италия азаматы Қазақстанның артықшылықтарын айтты (ВИДЕО)

Фото: Caravan

Алматыны өте жақсы көремін.

Желіде Алматыда тұрып жатқан итальяндық азаматтың Қазақстан туралы өз ойын айтқан бейнежазба тарады. Желіде тараған видеода шетелдік азамат еліміздің ұлттық тағамдары мен мобильді аударымдар секілді цифрлық игіліктері туралы сөз қозғаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен Қазақстанда тұратын итальяндықпын. Әрине барлық жерде Kaspi-мен төлеймін. Бәрі мені Франческа деп атайды. Неге? Менің атым Франческо. Қыста температура 40-тан түсуі мүмкін, бірақ жылу жүйесі барлық жерде 24 сағат жұмыс істейтіндіктен, суықты сезінбеймін. Қымыз бен шұбатты ішемін. Жылқы етін де жақсы көріп жеймін. Алматыда тұратын итальяндықпын, Алматыны өте жақсы көремін», — дейді ол.

Желі қолданушылары шетелдік азаматтың мұндай пікір білдіруі орынды екенін айтады. 

«Еуропа елдері дамыған дейміз, бірақ мобильді төлемдер, жеткізу қызметі жағынан біз әлдеқайда алдамыз», «Біз бұларға қызықсақ, бұлар бізге қызығып жүр ғой», «Германияда болдым, жылуды уақытпен қосады екен. Өз елімізге жетпейді ғой», — деп жазды олар.