20.05.2025, 21:30

Астанада жолда төбелес шығарған екі жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Астанада жүргізушілер 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады.

Белгілі болғандай, Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолды бөлісе алмаудан кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан. Оқиғаға қатысушылар дереу ұсталды.

Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында кез келген құқық бұзушылықтарға тосқауыл қойылатынын ескертеді.