Әке, анамды ұрмаңызшы.
Алматы облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, 10 жасар ұлы әкесін тоқтатпақ болған. Ал қыздары қорқып: "Әке, қойыңызшы!" деп айқайлап, көшеде жүгіріп жүрген.
Отбасы тоғыз бала тәрбиелеп отыр екен.