$ 507.07  572.53  6.37

«Дәреті бұзылады»: Көмек көрсетпек болған азаматтан қашқан орамалдағы қыз сынға қалды (ВИДЕО)

Діни фанатизмді өмірден қаншалықты жоғары қоятынының қорқынышты мысалы.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде қазақстандықтар Көлсайда орамалдағы бойжеткеннің өзін қайықтан түсірмек болған ер адамның қолын алмай, жеңін ғана ұстатқан видеосын сынады. Олар дінді ұстанатындардың бұл әрекетін тым фанатизм деп атады. Кейбірі өз қауіпсіздігі үшін көмек ұсынған адамға қолыңды тигізу күнә емес десе, енді бірі мұндай жағдайда дәрет бұзылатынын айтып ақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Орамалдағы бойжеткеннің Көлсайдағы видеосын Азамат Смайл есімді желі қолданушысы жариялады.

“Меніңше фанатизм деген – осы. Осыған ұқсас оқиға бар. 2002 жылы Меккеде Сауд Арабиясының полициясы өртеніп жатқан мектеп ішінен қыздарды шығармады. Себебі дәл сол кезде қыздардың үстінде хиджаб болмаған және ер адамдардың оларға қол тигізбеуі керек еді. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде полицейлер “күнә” деп оқушыларды ұрып-соғып сыртқа шығармаған, өрт сөндірушілерді ішке кіргізбеген. Нәтижесінде 15 оқушы тірідей өртеніп, 50-ден астамы жарақат алды. Бұл оқиға – адамдардың діни фанатизмді өмірден қаншалықты жоғары қоятынының қорқынышты мысалы ”, – деді ол. 

Желі қолданушылары да бұл жағдайды қызу талқылады. 

“Мынадай да жағдай болған. Кезекшілікте тұрған гинеколог ер адам екен. Ал орамалдағы әйел оған қаралудан бас тартып, салдарынан ішіндегі баласы шетінеп кеткен”, “Мынау келіншектің қылығы біртүрлі екен. Суға құлап батып жатса не істер еді?”, “Адамдар үшін ең үлкен дін адамгершілік болса екен деймін. Паранджа да, орамал да, крест пен басқа да діни нышандар емес”, “Дәрет алған әйел ер адамның қолын ұстаса дәреті бұзылады. Қайта алуға тура келеді”, “Таңғалып отырмын” – деп жазды жұртшылық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары