21.05.2025, 16:20

«Әке, ұрмаңызшы»: Алматы облысында ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Әке, анамды ұрмаңызшы.

Алматы облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, 10 жасар ұлы әкесін тоқтатпақ болған. Ал қыздары қорқып: "Әке, қойыңызшы!" деп айқайлап, көшеде жүгіріп жүрген.

Отбасы тоғыз бала тәрбиелеп отыр екен.