21.05.2025, 16:50

Сотталушы шындық детекторынан өтуге дайын екенін мәлімдеді

Фото: видео скриншот

Сотта сөз сөйлеген Қалиахмет шындық детекторынан (полиграф) өтуге дайын екенін мәлімдеді.

2024 жылдың 3-тен 4 қазанға қараған түні болған оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот отырысында процесс қатысушылары күдікті Дидар Қалиахметке нақтылаушы сұрақтар қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сот барысында Қалиахмет өзін төбелеске қатыспағанын, сондай-ақ кімнің соққы жасағанын немесе пышақ қолданғанын көрмегенін бірнеше мәрте қайталады.

Сотта сөз сөйлеген Қалиахмет шындық детекторынан (полиграф) өтуге дайын екенін мәлімдеді.

«Мұнда бәрі: білмеймін, көрмедім деп жатыр. Қазір — технология заманы. Келіңіздер, мен өтейін полиграфтан. Біреуді ұрдым ба, жоқ па — бәрін ашық айтамын», — деді ол.

Алайда сот бұл ұсынысты қабылдамады.