Алматыда күннің екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.
Жұмада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы облысының орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматыда күннің екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.
Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысынның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.