Қолданушылар видеоның астына түрлі пікірлер қалдырып жатыр.
Әлеуметтік желілерде ауылдарды шегіртке қаптаған видеолар таралып жатыр. Авторлардың бірінің мәліметінше, видеода Қызылорда облысы Арал ауданы Қарақұм елді мекенін шегіртке жайлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
TikTok желісінде @bekzhan1978 есімді қолданушы Арал ауданы Қарақұм елді мекенін шегіртке қаптағаны туралы видео жариялады.
«Құрметті Ауыл шаруашылығы министрі мен депутат мырзалар, назар аударсаңыздар. Қызылорда облысы Арал ауданы Қарақұм елді мекені», - деп жазған автор.
Қолданушылар видеоның астына түрлі пікірлер қалдырып жатыр.
«Бала кезімізде ұшып жүрген шегірткеден осындай жыбырлап келе жатқан шегіртке жаман болады дейтін. Жердегі шөп атаулыны жеп кетеді. Сол жылдары малға өте қиын болады. Сондықтан жыбырлап келе жатқанда алдын қазып, ішіне сабан болсын, әйтеуір тез жанатын зат салып, шұңқырға түскендерді өртеп жіберген.
«Екі жыл бұрын Шиеліге де осы шегіртке жаңбырдай жауды. Шошып кеттік. Тауық, балапанға жинап беріп едік, тауықтарымыз да, балапандары да қырылып қалды».