$ 512.66  580.59  6.45

100 адамға тегін билет: Алматыда аквапаркте тегін шомылмақ болғандар тапталып қала жаздады (ВИДЕО)

Журналист Сырым Итқұлов таратқан видеодан адамдардың сауда орталығына жапа-тармағай кіріп бара жатқанын байқауға болады.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Алматыда жаңадан ашылған сауда орталығында адамдар тапталып қала жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Журналист Сырым Итқұлов таратқан видеодан адамдардың сауда орталығына жапа-тармағай кіріп бара жатқанын байқауға болады.

Алматыда жаңа сауда және ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты аясында аквапаркке алғаш келген 100 адамға тегін кіру мүмкіндігі ұсынылған. Алайда бұл акция адамдардың жаппай ағылуына, тіпті қауіпті деңгейдегі қысым мен итерісу жағдайларына себеп болды.

Instagram-да жарияланған бейнежазбаларда адамдардың есікке қарай жапа-тармағай жүгіріп, бір-бірін итеріп, қауіпсіздік ережелерін елемей кірмек болған сәттері көрініс тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары