Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 мамыр күні Самара-Шымкент жолының 507-шақырымында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шамамен сағат 16.50-де Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы тұсында Toyota Camry 60 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Camry 40 көлігімен соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан Toyota Camry 60 автокөлігінде отырған ер адам және екінші көліктегі екі әйел оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.