$ 512.66  580.59  6.45

«Қайтадан тірілгім келмеді»: Танымал дінтанушы о дүниеде не көргенін мәлімдеді (ВИДЕО)

"Дене жоқ, рахат хәл".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы о дүниеде не көргенін айтып, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Caravan.kz сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол qazaq.airan YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Негізі өліп көрген адам, қайтіп тірілгісі келмейді. Ешкімнің қайтып тірілгісі келмейді, өйткені ана халді сипаттап бере алмайсың. Дене жоқ, рахат хәл. Тек қана рух хәлі деп айтуға болатын шығар. Одан соң бітті, тура баяғы өліп тірілген адамның барлығы айтатындай зуылдап тұрып туннельдің бойымен жоғары қарай көтерілір бара жаттым. Мақсат ана жаққа жетіп алу сияқты, басқа еш нәрсе менің есімде жоқ. Зуылдап жетіп бара жатқанда, жетіп қалды ау дегенде, сезім, түйсік болады ғой, демек рухтың да түйсігі бар, сол сәтте «Мама» деген баламның дауысы естілді. Содан селк етіп, сілкініс секілді бір нәрсе болды. Жылдамдық тоқтады, бірден құлдырау бастады. Содан кейін барып, шын мәнінде көзімді ашқанымды білемін. Алдыңғысы рухтың көзі болған шығар. Бұл жерде кәдімгідей тәннің көзін ашқанымды білемін. Көзімді ашып, жан-жаққа қарап, сол қабырға, сол үй. Неге тірі қалдым деген ой келді маған», — деді дінтанушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 5
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары