29.05.2025, 19:20

Шерзат Болат ісі бойынша келесі сот отырысы 2 маусымға белгіленді

Фото: видеодан скриншот

"Келесі отырыс 2 маусым күні сағат 10:00-де өтеді".

Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы 2025 жылдың 2 маусымына жоспарланды. Бұл жөнінде процесті жүргізіп отырған судья Ержан Жанұзақов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Келесі отырыс 2 маусым күні сағат 10:00-де өтеді. Сол уақытқа дейін жәбірленуші тараптың өкілдерінен бүгінгі мәлімделген айғақтарды қорғау жағына табыстап, жарыссөзге толық дайындалуды сұраймын», — деді судья Жанұзақов.