15.06.2025, 00:30

«Оқиға орнында көз жұмды»: Алматы облысында жедел жәрдем жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болған.

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 11 маусым күні болған.

"Алматы - Өскемен тас жолының 75-шақырымында Hyundai H350 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.