Ол бұл туралы «Ел дауысы» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.
Жақында қоғамда резонанс тудырған марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы аяқталып, айыпталушыларға үкім шыққан болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда сот аяқталғаннан кейін сотталушылардың жақындары ол үкіммен келіспей, жәбірленуші тараптың іс-әрекетін мұқият тексеруді қайта сұрады. Олар бұл туралы «Ел дауысы» ютуб арнасына берген сұхбаттарында айтқан.
«Жағдай өте қиын. Балама көп жыл берді, оған келіспеймін. Оған қоса 60 миллион сұрады. 60 миллионды төлей алмаймыз, үйім де жоқ, жағдайым да жоқ. Осы соттың өзінде шапқылап қиналып кеттік. Екі ай жұмыссыз қалдым. Сол жақта өзі жұмыс істеп, өтесе... Балам кінәлімін деді ғой, өзінің істегенін айтты, кінәсін мойындады. Өкінішті. Заңды білмеймін ғой, 23 жыл емес, 15 жыл берсе де болар еді. Тым көп болып кетті», - дейді Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенова.