$ 518.5  601.62  6.61

«Туған әкесі 1 жыл бойы зорлаған»: Жамбылда 15 жасар қызды ерлі-зайыпты қорлап келген (ВИДЕО)

"Бірақ күдікті ерлі-зайыпты бостандықта жүр".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданында ерлі-зайыпты 15 жастағы қызды үйіне алдап апарып, оған жыныстық зорлық көрсеткен. Бұл туралы танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жамбыл облысы, Қордай ауданынан 33 жастағы келіншек хабарласты. Ол- 8 баланың анасы.  Айтуынша, 15 жастағы тұңғыш қызы ерлі-зайыптының үйінде жыныстық зорлыққа ұшыраған. Әйелдің сөзіне сенсек 1 жыл бұрын қызды туған әкесі зорлап, артынан өзіне қол салыпты.

Ал соңғы зорлық бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ «күдікті ерлі-зайыпты бостандықта жүр»,-деп анасы дабыл қағуда. Ең сорақасы күдікті деп танылған ерлі-зайыпты жалғызбасты ананың кенже ұлының кіндік ата-анасы екен. Ертең Қордай ауданына барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтамын»,  – деді журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары