Орталық директорының айтуынша, иттер мекеме аумағында тұрады және "белгілі бір дәрежеде" қауіпсіздік қызметін атқарады.
Алматы облысында 10 жасар балаға шабуыл жасаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оңалту орталығының директоры, иттердің иесі Алмаз Халиевты сөзінше, оқиға болған күні бала иттерді өзі ашуландырған.
"Балалар орталықтың қоршауының жанында ойнап жүрген. Бір уақытта қоршауға көтеріліп, иттерді мазақ етіп, ызаландырды. Аулада бес айлық екі күшік болды. Үлкен иттер қоршауда отырды. Екі бала иттерді ашуландырды. Бір кезде баланы екіншісі күзетілетін аумаққа итеріп жіберді. Бізде балалардың аумаққа бара жатқаны түсірілген видео бар. Содан кейін олар көзге көрінбей, тек қана дауысы шығып жатты. Бала жерге құлап, айқайлай бастады. Екіншісі қашып кетті. Шамасы, ол көмекке адам шақырғысы келді", – дейді Халиев.
Халиевтің айтуынша, балаға күшіктер шабуыл жасаған.
"Бала жабық қақпадан өте алмай қалған. Оны баланы құтқарған адам ашты. Ол кісі баланы алып шығу үшін есікті ашып, ішке кірді. Ер адам аумаққа кіріп, екі күшікті сол жерде пышақтаған. Жалпы, олар дәрменсіз күшіктер. Ал ер адам болса оны пышақтап тастады. Енді ол кісі оқиғаның күзетілетін аумақтан тыс жерде болғанын айтып отыр. Иттер ешқашан аумақтан тыс жерде жүрген емес. Бұл жағдай сыртта емес, іште болды", – дейді орталық директоры.
Орталық директорының айтуынша, иттер мекеме аумағында тұрады және "белгілі бір дәрежеде" қауіпсіздік қызметін атқарады. Ол жануарларды ұстау ережелерін сақтайтынын және қоршауда бес жылдан бері "Абайлаңыз, зұлым иттер" деген белгі ілініп тұрғанын жеткізді.