Қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілген.
Астанада Министрлер үйінің жанында көлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Астанадағы автотұрақтың бірінде көліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Бұл оқиға Министрлер үйіне қарама-қарсы беттегі автотұрақта тіркелді. Қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілген.
Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Тиісті қызметтер оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап жатыр.