$ 519.57  612.78  6.61

Бибісара Асаубаева болашақ жарының бойында қандай қасиет болуы керектігін айтты

Жазылушылардың бірі бойжеткеннен: «Саған жігіттер мен қыздардың қандай қасиеттері ұнайды?» деп сұрақ қойды.

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Танымал шахматшы Бибісара Асаубаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлер арасында шағын сауалнама өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz порталының мәліметінше, жазылушылардың бірі бойжеткеннен: «Саған жігіттер мен қыздардың қандай қасиеттері ұнайды?» деп сұрақ қойды.

Асаубаева оған былай деп жауап берді:

1. Тәрбиелі
2. Мейірімді
3. Жомарт
4. Орынды әзілдейтін
5. Дамуға ұмтылатын

"Ең бастысы — шынайылық. Екіжүзділікті мүлде ұнатпаймын", - деп жазды шахматшы өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 21 жастағы Тараз тумасы – блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдары әлем біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ 2021 жылы Бибісара блиц шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары