Оқушының денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алған.
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы бала кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала бензиннен уланған болуы мүмкін.
Нақты диагноз сот-медициналық сараптамасы әзір болған соң қойылады.
"2 шілдеде Зеренді ауданында болған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.