06.07.2025, 13:30

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлап кетті

Фото: желіден алынды

Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста.

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді, деп хабарлайды 

Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамағанын мәлімдеді.

"Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежай әкімшілігі емге кететін барлық шығынды өз мойнына алғанын айтып, ата-аналардан балаларын күту орнында мұқият бақылауды сұрады.