06.07.2025, 16:20

Президент бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалады

Фото: Ақорда

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы спортшыларымызға қолдау көрсетті. 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы спортшыларымызға қолдау көрсетті.