07.07.2025, 16:50

Техастағы су тасқынынан 82 адам көз жұмды

Фото: желіден алынды

Ондаған тұрғын әлі де із-түссіз жоғалып кеткен.

Гуадалупе өзенінің арнасынан асуына себеп болған нөсер жауын салдарынан Техаста су тасқыны болып, 82 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ондаған тұрғын әлі де із-түссіз жоғалып кеткен. АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округін ресми түрде апат аймағы деп жариялады. Штаттағы республикалық шенеуніктер АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметін төтенше жағдайға дайын болмады деп сынға алды. Олардың айтуынша, Трамп әкімшілігінің бюджетті қысқарту саясаты салдарынан халық апат жайлы дер кезінде хабарланбаған.