$ 519.51  611.83  6.6

Қазақстандық актер халықаралық кинофестивальде үздік атанды

Байқауға қатысқан қазақстандық фильмдердің бірі – «Набат операциясы» – көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шықты.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қытайдың Чунцин қаласында өткен беделді кинофестивальде Бақыт Қажыбаевтың рөлі жоғары бағаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі салтанатты түрде жабылды. Байқауға қатысқан қазақстандық фильмдердің бірі – «Набат операциясы» – көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шықты. Аталған фильмдегі басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев «Үздік актер» аталымына лайық деп танылды.

Фильмде автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы арнайы операция адам шығынынсыз аяқталады. 

«Набат операциясы» фильмі үшін марапат алған актер Бақыт Қажыбаев бұл жеңісті тек өзі үшін емес, бүкіл шығармашылық топтың жемісі ретінде қабылдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, 1992 жылғы Қазақстандағы шынайы оқиғаға негізделген бұл хикаяны экранға шығару – тарихи әрі адами тұрғыдан маңызды қадам болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары