$ 520.93  609.07  6.68

«Қызды жігіттен бұрын әкесі қыдырту керек»: Мұхамеджан Тазабек отбасымен Парижде жүр

"Отбасын қуантпаған адам Отанды ойлап жарытпайды". 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қоғам қайраткері, айтыскер Мұхамеджан Тазабек Францияның Париж қаласында жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, Париж қаласына отбасымен баруының өз себебі бар. 

"Парижге жалғыз келмедім. Жұбайымды, екі қызым мен ұлымды ала келдім. Қай заманнан "қызды жігіттен бұрын әкесі қыдырту керек" деген ұстанымдамын. Ер адам өзі не кисе, не ішіп не жесе де отбасына да соны жасауы керек. Ұл-қыздарыма Париждің көшесін емес, әкемен бірге жүрген бақытты балалықты естелік етіп қалдырғым келді. Ұл ер жетеді, қыз бой жетеді. Әкемен қыдырудың ауылы алыстай береді. Соны сезінуіміз керек... Отбасын қуантпаған адам Отанды ойлап жарытпайды. Елуге келіп бір түсінгенім...", - деп жазды М. Тазабек.

Айта кетейік, Мұхамеджан Тазабек жақында ғана туған күнін атап өткен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары